Қайырымдылық әрекеттерін қаражатпен емес іспен көрсетті

Күнделікті өмірде біз көмек сұрау туралы көптеген сұраныстарды  кездестіреміз, олар көптеген жағдайда қаржылай көмектесумен шектеледі. Мұқтаждарға көмек көрсетуді әдетке айналдырған 1 курстың 102 тобының бірнеше курсанты бұл жолы өздерінің қайырымдылық әрекеттерін сөзбен емес, қаражатпен емес іспен көрсетті. Жігерлі жігіттер Қостанай қаласының 1 Челябинская көшесінде орналасқан «Дом мамы» қоғамдық фондына ауласын тазартып, бақша қазуға барды. Жұмыс көлемінің ауқымдылығына қарамастан курсанттар берілген тапсырманы орындауға бірден кірісті. Былтырғы жылдан қалған бақшаның орнын тазалады, ескі шөп, бұтақтарды жинады, ауладағы құрлыс материалдарды жинастырды және жерді қазып жаңа бақша отырғызуға дайындады. Аталған ұйымның директоры Сауле Сұлтанғалиевна курсанттардың жұмыс қабілеттілігіне, тиянақытылығына риза болып, бірнеше рет алғысын білдірді. Жұмыс аяқталған соң курсанттар үйге кіріп кішкентай  бүлдіршіндермен, қиын жағдайда қалған аналармен танысты. Бақша отырғызуға дайын тұрған жерді көрген аталған үйдің тұрғындары жақын уақытта қандай жеміс-жидекті, қай жерге отырғызу жайындағы жоспарларымен бөлісті. Кейбір аналар күзгі уақытта алынған жемісті өндіріп, сатып пайда көргілері келетіндерін айтты.

Жақсы ниетпен жасалған ізгі шара курсанттар үшін өте пайдалы және қызықты болды. Жұмыс соңында барлығы бір ауыздан осындай жақсы шара жасауға қашанда дайындығын білдірді.




ҚПжК кафедрасының оқытушысы,

102 взвод кураторы полиция майоры  Нурмағанбетова Ж.К.