Жолдаудың тоғызыншы бағыты – «Адам арын ойлайды, надан дүниеге тоймайды» атты пікірталаспен жүзеге асты.

Болашағы жарқын ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді биік қойып, барлық әлемге танылдық, Президентіміздің құрған саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге жайылып, бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарынан өз орнын тапты. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – елбасымыздың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы. Осы жылғы Жолдауының тоғызыншы бағыты да «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» атты тақырыппен аталып отыр.


Осы мақсатта кураторлық жұмысы аясында 302 және 308 оқу тобымен Адам арын ойлайды, надан дүниеге тоймайды» атты пікірталас өткізілді. Кураторлық сағат өту барысында курсанттар өздерінің пікірлерімен, көкейдегі ойларымен қуана бөлісіп, жемқорлыққа байланысты өмірден, газет-журналдардан және теледидардағы жаңалықтардан оқыған, естіген мысалдарды келтіріп, пікірталасқа белсене қатысты.

Жалпы айтқанда, кураторлық сағат жақсы деңгейде өтіп, алдына қойған мақсатқа жетті деп есептей отырып, аталған пікірталастың нәтижесі ретінде жадынама шығарылып курсанттарға таратылды.

302 оқу тобының кураторы

полиция майоры

А.Б.Досмаилова

308 оқу тобының кураторы

полиция аға лейтенанты

Н.Ж. Турсумбаева