«ӘН ӨНЕРІНІҢ АҚБЕРЕНІ»

24 сәуір 2018 жылы Тәрбие жұмысы бөлімінің ұйымдастыруымен Академияның акт залында ҚазССР — нің Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, халықаралық және республикалық байқаулардың бірнеше дүркін лауреаты, Қостанай облысы меценаттар клубы тағайындаған «Қазына» сыйлығының 3 дүркін лауреаты, дарынды әнші – сазгер Қалибек Деріпсалдиннің 65 жылдық мерейтойына арналған  шығармашылық кеші өтті.

Кеште Академия бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Е.Т. Қаппасов және Академияның ардагерлер кеңесінің төрайымы Б.Б. Мукажанова  қатысып, жүрек жарды лебіздерін білдірді. Сонымен бірге Академияның күндізгі оқыту бөлімінің 1, 2, 3 курс курсанттары мен қызметкерлері жалпы кітапхана қызметкерлерінің әнші-сазгер Қалибек Деріпсалдиннің шығармашылығына арналған кітап көрмесін тамашалап әнінен сусындады.

Осы іс-шараға Қалибек ағамыздың інісі, өнердегі ізбасар шәкірттері Жарқынбек Деріпсалдин және Қалибек Деріпсалдиннің әндерін орындаушылардың Республикалық «Көктем-қыздар» ән байқауының жүлдегері, әнші Азамат Мұқатов қатысып ағамыздың әндерінен шашу шашты.

«Өнер табиғаттікі. Табиғаттан тартып алған адам ғана өнер иесі» деген екен әйгілі суретші Альбрехт Дюрер. Айтса, айтқандай-ақ, нағыз дарын, өнер деп туған шын талант, аяулы перзентке ғана арналып айтылған сөз болса керек !

Ағамыздың отбасына амандық-саулық, береке-байлық және шығармашылық табыс, жаңа жетістіктер тілейміз!

                                                                           Тәрбие жұмысы бөлімінің

                                                                           музыкалық жетекшісі

                                                                           Б. Курмангалиева