Саптық байқау

Академиямыздағы басты талаптардың бірі ол нысанды киім үлгісін бұзбай, тартымды жүру. Бұл негізі тек академиямызда ғана емес жалпы ішкі істер органдарының қызметкерлеріне қойылатын талап. Сондықтан да әрбір жыл мезгілінде жаңа киім үлгісіне көшу туралы бұйрық шыққаннан кейін саптық байқау өткізіледі.

Соған байланысты 2018 жылдың 21-ші сәуір айында 2 курс жеке құрамында саптық байқау өткізілді.  Саптық байқауда курсанттардың сыртқы келбетімен, нысанды киім үлгісін кию ережелерінің толық сақталуы тексеріліп, ескерту алған курсанттар 2 курс бастығының орынбасары полиция капитаны Д. Майшинмен олармен ары қарай жұмыс істеу мақсатында жазылып алынды. Сыртқы келбеттері бойынша ескертулерді есептемегенде жалпы, нысанды киім үлгісін бұзу анықталған жоқ.

Осындай саптық байқаулар Академиямызда  курс басшылығымен жиі өткізіліп тұрады. Дегеніменде Академия айнасы – ол осы оқу орнының курсанттары.

Академия баспасөзінің мүшесі

2 курс курсанты Д. Әділдәбеков