Академия аумағын көгалдандыру

Алдынғы жылдан бері Академия басшылығы Академия аумағына көшет отырғызып, көгалдандыру жұмыстарын қарқынды жүргізіп жатыр. 2017 жылы отырғызылған көшеттердің жүз пайызы болмасада, көпшілігі қазірде өсіп, бой түзеген.

Сәуір айының 24-ті күні 2 курс старшинасы полиция аға сержанты А. Тьяжин 2 курс курсанттарымен көшет алуға Қостанай академиясы қарамағындағы  «Спутник» оқу-дала лагеріне барды. 82 көшет түбін олар оқу-дала лагерінен Академияға жеткізді.

Осы күні-ақ 2 курс бастығы полиция подполковнигі Ә. Тажмұханов  топ кураторларымен және жеке құрам бойынша инспекторы полиция капитаны Альназаровпен Академия шырша көшеттерін отырғызу жұмыстарын жүргізді. Шырша көшетін отырғызуға сонымен қатар 2 курс курсанттары да ат салысып, жаңа отырғызылған шыршаларға су құйып, орындарын бекітті. Барлығы 82 шырша көшетінен 50 көшет отырғызылып, қоршалды. Алдағы уақытта отырғызылған шырша көшеттері бой түзеп,

Жалпы Академия аумағын көгалдандыру жұмыстары ең керекті жақтардың бірі. Оқу орынының жасыл шыршалармен қоршалып, әдемі көрініс беретіні анық.