Курсанттардың патриоттық сезімін және бірлігін нығайту

Академияның тәрбие жұмысы бөлімінің Жоспарына сәйкес 2018 жылдың 15-ші сәуірінде тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы Б. Кишкинтаевпен және 108 оқу тобының жетекшісі полиция майоры Б. Арстанбаевамен бірлесіп, Қостанай облысының І. Омаров атындағы қазақ драма театрының «Жалғыздық» атты қойылымын тамашалауға курсанттары мүмкіндігін алды. Театрдың ұйымдастыруымен өткізілген қойылымы тамашаланып, көңілден шықты. Бұл іс-шараның мақсаты курсанттың мәдени және рухани құндылықтарын арттыруға бағытталды.              Қойылым жанның ең түпкір жолдарын қозғайтын, терең және эмоционалды көрінісінде болды. Өмірдің қиын кезеңдеріне қарамастан өмір сүре білген, бірақ адамның бет-жүзін жоғалтпаған адамдардың бастан кешірген тағдыры жайлы бейнеленді.

Театр – бір жағынан өнер, екінші жағынан адам өмірінің сан-алуан қырын шынайы бейнелейтін алаң. Қазақтың қазақ екенін көрсететін, байырғы ата-бабамыздың тұрмыс-тіршілігінен хабар беретін киелі мекен — театр. Ол актердің екінші үйі. Адамның ой-санасын жетілдіреді. Өмірдің мұңды, қызықты сәттерін көрерменге жеткізеді. Актерлік шеберлік кез келген адамның бойында бола бермейді. Театрдың актерлік ұжымына үлкен шеберлілік үшін алғыс айтамыз.


108 топтың кураторы

полиция майоры

Арстанбаева Б.Б.