АКАДЕМИЯНЫҢ КУРСАНТТАРЫ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫ ІІМ КРАСНОДАР УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ ІС-ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСТЫ

2018 жылдың 12 сәуірінде Ресей Федерациясы Краснодар қаласындағы Ресей ішкі істер министрлігінің Краснодар университетінде «Ғылым мен тәжірибенің өзекті сұрақтары» тақырыбында курсанттар, тыңдаушылар және студенттер арасында VI халықаралық ғылыми – тәжірибелік конференциясы өтті.

Конференцияға Мәскеу, Санкт-Петербург, Белгоград, Волгоград, Воронеж, Калининград, Қазан, Ростов-на-Дону, Ставрополь қалаларынан 28 білім беру ұйымдарының курсанттары мен студенттері қатысты.

Халықаралық дәрежені Армения Республикасының полиция білім беру кешені, Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы және Беларусь Республикасының Могилев институтының өкілдері толықтырды.

Қазақстан Республикасы ІІМ Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясынан 2 курсант қатысты:

  • Психологиялық жұмыс орталығының инспекторы Шаримова Рауза.
  • 3 курс курсанты полиция сержанты Серикбаева Айдана.

Конференция екі кезеңде өтті: пленарлық отырыс және секциялық отырыс.

Конференцияны университет бастығы, заң ғылымының докторы, профессор, полиция генерал-лейтенанты Александр Симоненко ашты.

Конференция 14 секциялық отырыста жұмыс жасады.

Конференцияға қатысушылардың үздік ғылыми зерттеулері жинаққа басылып шығарылады.

Краснодар университетінің бастығы заң ғылымының докторы, профессор полиция генерал-лейтенанты Александр Симоненко



3 курс курсанты

полиция сержанты

Серикбаева Айдана