Сәтті өткен конференция жайын баяндайық

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының спорт кешенінде сәуірдің 18 – і күні  көптен күткен «Дене дайындығы құралдарымен курсанттарды тәрбиелеу» тақырыбындағы қомақты ғылыми  конференция өткізілді.

Бұл конференцияға ЖжДД кафедрасының оқытушылары, «Палуан» ғылыми – жұмыс үйірмесінің мүшелері және үйірме жетекшісі ЖжДД кафедрасы бастығының орынбасары полиция майоры  Абдрахманов Мади Бақытбекұлы ұйымдастырылу жағынан өте белсенді түрде ат салысты. Аталмыш конференция  көптеген қызу дайындықты талап етті. Келіп түскен мақалаларды тексеру, олардың түп нұсқалық ерекшеліктері, сондай – ақ өзімізден қатысатын  курсанттардың мақалаларын қарау сынды көптеген жұмыстар жүргізілді.

Конференцияға сырттан біршама қонақтар келіп спорт бағытындағы мақалаларын оқыды.  Конференция сағат 16:00 – де басталды. Келеген қонақтар ішінен әуелі ҚР еңбе сіңірген жаттықтырушысы Круглик Геннадий Николаевич  сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі, сонан соң КСРО спорт шебері отставкадағы полиция полковнигі Акуленко Николай Павлович конференцияның ұйымдастырылуына және мәнеріне  жоғары  бағасын берді.

Жүргізуші мақала оқу ретімен қатысушыларды құлақ қағыс етті. Өз кезегімен қатысушылар жұмыстарын қорғай бастады.  Әр оқылған мақаладан соң ортадағы кілемге спортшылар шығып өз өнерлерін көрсетті, әуелі қоянқолтық ұрысымен айналысатын 2 – курс курсанттары  қарудан қорғану тәсілдерін көрсетсе, самбо, белбеу және қазақ күресімен айналысатын 1 – 3 – курс курсанттары әдістер жасады. Ал 3 – курс курсанттарынан құралған еркін күрес шеберлері үздік қойылым көрсетіп көрермендерді тәнті етті. Сондай – ақ, 1 – курс курсанттары түгелдей дерлік залды толықтырып, қошеметтерін аямады. Конференция аяқталар тұста ғылыми зерттеу орталығының бастығы, заң ғылымдарының доценті полиция полковнигі Айтуарва Әлфия Болатқызы  осынау конференцияға оң бағасын беріп, ЖжДД кафедрасы оқытушыларын, конференция ұйымдастырушыларын және бүкіл қатысушыларды құттықтады.


Талқыға толы қызу өткен бұл конференция нәтижесінде  3 – орынды 3 – курс курсанты Мурзагалиев Темирлан алса, 2 – орнға 1 – курс курсанты Мусагалиева Жазира ие болды, ал жеңіске үздік мақаласымен Қостанай мемлекеттік педогогикалық   университетінің 4 – курс студенті Ермағанбетов Ержан жетті. Қалған қатысушылар да құр қол қалмай, белсене қатысқандары үшін мақтау қағаздарын алды.







«Палуан» ғылыми үйірмесінің

Хатшысы 3 – курс курсанты Тұрсынбай Д.А

  

ЖжДД кафедрасы бастығының

орынбасары полиция майоры Абдрахманов М.Б