Тәрбие жұмысы бөлімі екінші бөлімше командирлерімен кездесу өткізді.

Сәуірдің 17 – сі күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырабек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының Тәрбие жұмысы бөлімі 1, 2, 3 курс курсанттарынан әр взводтың 2 – ші бөлімше командирлерімен жиналыс өткізді.

Жиналыста Академия бастығы полиция генерал-майоры Қызылов М.А.  талабы бойынша курсанттар академияның қандай үйірмелеріне қатысатындығы, немен айналысатындығы және ешқандай үйірмеде жоқ курсанттар жайында мәселе қозғалды. Екінші бөлімше командирлері негізінен ұйымдастырушылық жағынан жауапты курсанттар болып табылады. Көбіне курс және академияішілік  іс – шаралар осы курсанттардың жұмылдырылуымен  жүргізіледі. Жиналыс барысында олар жеке – жеке өз взводтарында тізім бойынша қанша курсант бар және олардың қаншасы мәдени іс – шаралармен, қаншасы спорттық іс – шаралармен айналысатындығы жайында, сондай – ақ  тағы да қосымша немен айналысатындығы жайында есеп берді.

Тәрбие жұмысы бөлімінің бастығы полиция майоры Аужанов Руслан Қажымұқанұлы екінші бөлімше командирлеріне ешқандай үйірмеде жоқ, бос жүретін курсанттармен жұмыс жасау керектігін және оларды әр түрлі үйірмелерге  тартуды талап етті.

 

Академия баспасөз қызметі

3 – курс курсанты

Тұрсынбай Думанжан