«Болашаққа қадам» атты қайырымдылық акциясы

Әрбір баланың адамгершілік-рухани дамуы мен шығармашылық шыңдалуына толыққанды жағдай жасау – әрбір азаматтың, мемлекетіміздің жарқын болашағының кемелденуіне, өркендеп-өсуіне қосқан үлесі болары сөзсіз.

Адамға ізгілік жасау – сауапты іс. Әсіресе, жаны қысылып, қиындыққа кезіккен пенделерге қол ұшын берудің абзалы мол. Академияда қайырымдылық жасаудың тағылымын түсінгендер де аз емес.

Ата бабаларымыздың даналығын қашан да алға ұстап, осыдан үлгі-өнеге алып, сонымен қатар рухани демеудің маңызды рөлі бар екенін дәлелдеу. Жас ұрпақтың яғни, курсанттарды қамқорлыққа, қарапайымдылыққа, мәдениеттілікке, сонымен бірге, халықпен тығыз байланысып бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату мақсатында ағымдағы жылдың 13 сәуірі күні Қостанай қаласының орталығындағы «Март» СҮ жанында  Қостанай облысы «Грин» Азаматтық Альянсы қайырымдылық қорымен «Қостанай облысы әкімшілігінің  ішкі саясат басқармасы» ММ-нің ұйымдастыруымен «Болашаққа қадам» атты қайырымдылық акциясы өтіп, осы акцияға біздің Академия курсанттары да қатысып қолдау көрсетті.

Аталмыш қайырымдылық шарасы ата-анасының қамқорынсыз қалған Облыстық балалар үйінің тәрбиеленушілерін барынша қолдау  үшін ұйымдастырылған болатын. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – облыстық балалар үйі тәрбиеленушілерінің бос уақыттарында спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік болатын орынмен қамтамасыз ету болатын яғни, жөндеу жұмыстарын жүргізіп, спорттық – тренажорлық залға арналған құрылғыларға қол жеткізу. Бұл айтулы бастаманы  Қостанай облысының көптеген серіктестіктері, сондай-ақ спорттық ұйымдар қолдау көрсетіп құрылыс материалдарымен қамтамасыз етті.












 Тәрбие жұмысы бөлімінің

 музыкалық жетекшісі

 Б. Курмангалиева