Жаңа кітаптар көрмесі

Ағымдағы жылдың сәуір айының 3-13 аралығында жаңа әдебиеттерді оқырмандарға таныстыру, насихаттау, кітап оқу мәдениетіне тәрбиелеу мақсатында Академияның жалпы кітапханасында профессорлық-оқытушылар құрамы мен курсанттар үшін «Жаңа кітаптар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, өткізілді.

Көрмеге заң, психология, педагогика және саясаттану ғылымдары бойынша жаңа әдебиеттер қойылды. Әсіресе, оқырмандар көркем әдебиет бөліміне ерекше назар аударды.

Аталған көрмені тамашалауға келген Академия оқытушылары мен курсанттарыкітапхана қорындағы жаңа басылымдар жөнінде өз пікірлерін білдірді.

Заман талабы өзгерген сайын, адамдар да дами бастайды. Қазіргі таңда көзі ашық, көкірегі ояу жастар да аз емес. Бірақ, осы дейгейге жету үшін тынбай білім алып, көп оқу керек. Әрине, білім алу, оқу,үйрену дегенде сөзсіз ойымызға кітапхана шаңырағы келеді. Біздің Академия кітапханасының қорына жаңа кітаптар келіп түскен екен. Осы кітаптардың қатарынан педагогика және психология саласы жаныма жақын болып отыр.

Біздің білімімізді әрі қарай ұштағаны  және рухани жаңғыруымызға өз үлестерін қосқан Академия басшылығына, сонымен қатар кітапхана ұжымына алғысымды білдіремін.

Н.Ж. Турсынбаева – Педагогика және психология кафедрасының оқытушысы,полиция аға лейтенанты.

«Мен кітапхананың тұрақты оқырманымын. Жаңа түсілімнен кітапхана қорына келіп түскен Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» 4 томдық романын алып, оқуға кірістім, сондай-ақ   Академия курсанттарын кітапханаға жиі келіп саналары мен адами мінез-құлықты дамытуға шақырамын. Алдағы уақытта жұмыстарыңызға тек сәттілік  пен табыс тілеймін.»

 Сүндет Бексұлтан Қанатұлы 3 курс курсанты

Көрмені өткізу барысында Ұлы Абайдың «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» дәйек сөзін басшылыққа ала отырып, курсанттарға Академия кітапханансы қорынан курсанттарға оқуға ұсынылған «100 кітап» акциясы аясында жыл сайынғы өткізілетін «Кітаптар-көненің көзі» атты кітап көрмесіде ұйымдастырылып, безендірілді.

Мақсаты: кітап оқуға тарту, сондай-ақ, кітап оқу мәдениетін арттыруға насихаттау.

Аталған көрмеге қазақ, орыс (кеңес), шетел классиктерімен қазіргі кезең жазушыларының шығармалары қойылды. Көрме сөрелерінен тарихи романдар, детективтер, фантастика, проза және поэзия, яғни әртүрлі жанрдағы әдебиеттерді кездестіруге болады.

Осындай кітап көрмелері курсанттардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыратынысөзсіз және әрі қарай да жалғасын табады деген сенімдеміз.

Ұлы Абай  айтқандай, түйсігі бар әрбір адамдар үшін ғылым менбілімнің қайнар көзі кітапта.

В общей библиотеке в течение всего учебного года проходит акция «100 книг», имеющиеся в фонде библиотеки Академии, рекомендованные для чтения курсантам.

На основе этого списка организована и оформлена книжная выставка «Кітаптар – көненің көзі», эпиграфом которой  стали слова великого Абая «Артық ғылым кітапта, ерінбе оқып көруге»

Актуальность книжной выставки заключается в пропаганде художественной литературы и культуры чтения.

На выставке представлены произведения казахских, русских (советских), зарубежных классиков и современных писателей. На полках выставки можно найти разножанровую литературу, как исторические романы, детективы, фантастика так и  прозу и поэзию.

Для профессорско-преподавательского состава  и курсантов Академии в общей библиотеке организована книжная выставка «Жаңа кітаптар». На выставке представлена новая литература по юридическим наукам, психологии, педагогике и общественным дисциплинам.

Особое внимание на выставке уделяется разделу художественной литературы.

Хотелось бы отметить, что книжная выставка пользуется популярностью и  вызывает живой интерес у курсантов.

В своем отзыве старший преподаватель-методист факультета очного обучения  майор полиции  Акимжанов Е.С. выразил слова благодарности сотрудникам общей библиотеки Академии за создание условий читателям.  В поступлении новых книг мне понравилось произведения  Абая Кунанбаева «Қара сөздері». Пожелаю, чтобы в нашей библиотеке постоянно обновлялся библиотечный фонд различной литературой.

Кітапхана библиографы   Р. Нурханова

Кітапханашы Қ. Арғынғазина