Ғылыми-педагогикалық магистратура магистранттарының есептерін тыңдау

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы білім және ғылым мұхитында еңбек етіп келе жатқан үлкен желкенді кемелердің бірі. Қостанай академиясында ғылыми-педагогикалық магистратура жұмыс жасайды және осы магистратураның әр кафедраларға тағылымдамадан өтуге бөлінген магистранттры педагогикалық тағылымдамадан өтулерін қорғады.

Осыған байланысты мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасында тағылымдамадан өтуге бөлінген әділет майоры Қарлығаш Жармухаметова мен әділет капитаны Гүлшат Скендировалар өздерінің педагогикалық тағылымдамадағы есептерін кафедра ұжымының назарына ұсынып, тағылымдама барысында қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы пәнінен дайындалған сызбалар өнімін көрсетті.

Тағылымдамадан өткен магистранттардың есептері тыңдалып, оң бағаларын алды.



МҚП кафедрасының

аға оқытушысы

полиция капитаны М.Смагулов