Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының  «Ізкезушілер» ғылыми үйірмесінің конференциясы өтті

Сәуір айының 11 – де Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында  Қылмыстық процесс және криминалистика  кафедрасының  «Ізкесушілер»  ғылыми – зерттеу жұмысы үйірмесінің мүшелері арасында   конференция өткізілді.

Конференцияны кафедра бастығының орынбасары полиция подполковнигі Сафронов Сергей Михайлович және үйірме жетекшісі кафедра аға оқытушысы полиция майоры Қайнар Ерболат Ержанұлымен бірге ұйымдастырып, курсанттардың ғылыми мақалаларын бағалап отырды. Жалпы конференцияны өткізудің мақсаты  алдағы болатын үлкен конференцияларға үздік мақалаларды іріктеу және курсанттардың ғылыми мақалаларының кемшіліктерін түзетуге, олардың көпшілік алдында өз жұмыстарын таныстыра білу қабілетін жетілдіру болып табылады. Бірнеше сағатқа созылған аталмыш  конференцияға жылпы саны 30 – ға жуық курсант қатысып, тіркелген реті бойынша трибунаға шығып  өз жұмыстарын қорғады. Әр курсантқа 5-7 минут уақыттан беріліп, қосымша қатысушылар және үйірме жетекшсі тарапынан біршама сұрақтар қойылды. Үйірме жетекшісі полиция майоры Қайнар Ерболат Ержанұлы әр ғылыми – мақаланы тыңдап, олардың артық және кем тұстарын айтып, қатысушыларға құлақ қағыс етіп отырды.     Жалпы конференция жоғары деңгейде өтті деп ауыз толтырып айтуға әбден лайық, себебі курсанттардың талпыныстары, жазу және оқу өнерлері, ал  көрермендердің қатысушыларға деген қолдау – қошеметтері осының айқын үлгісі болды.

Тартысқа және қызу талқыға толы болған  конференцияның нәтижесінде белсене қатысқандары үшін: 3 – курс курсанттары Қасым Қуаныш, Дүйсенбай Аян, Тілеужан Әділет марапатталды. Ал 3 – орынды Мейрамова Диана иеленсе  2 – орынды Елубаева Зарина қанағат тұтты.  Конференцияда үздік мақаласымен көзге түскен 306 – оқу тобының курсанты Мамельбаева Жанар жеңімпаз атанды.






 

Академия баспасөз қызметі

3 – курс курсанты

Тұрсынбай Думанжан