Бірлескен сабақ

2018 жылдың 5 сәуір күні 309 топ курсанттарымен  қылмыстық  іс жүргізу және криминалистика кафедрасының  оқытушысы полиция капитаны Ғалым А.М қатысуымен криминалистика сабағы жүргізілді. Сабақ барысында қылмыстық істің үлгісі алынып, талқылау жүргізілді. Жұмыс жүргізу барысында Қазақстан Республикасының қылмыстық процестік кодексінің 27 тарау 219 – 224 баптары қарастырылып, курсанттардың қылмыстық іс жүргізу және криминалистика пәнінің білімі тексеріліп, қылмыстық процесске қатысты қандай тергеп тексеру әрекеттері жүргізілетіні туралы айтылды. Академияның ғылыми педагогикалық магистратураның  2 курс магистранті, кафедрада  тәжірибесін өтетін полиция аға лейтенанты Садуакасов Н.Б.  қылмыстық істің түскен сәтінен бастап не істеу керек екендігін, одан соң қандай жұмыстар жасалатындығын қарастырып көрсеткен болатын. Іске қатысты құжаттардың тізілімдемесінің өзекті мәселелері жоспарланып, жүзеге асырылды. Осы орайда курсанттардың білім деңгейі мен пәнге деген қызығушылығы байқалды. Қорытындылай келе құжаттардың тәжірибеде қалай қолданылатыны туралы үйретілді.



ҚІЖжК кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны А.М. Ғалым

 Ғылымипедагогикалық магистратураның

2 курс тыңдаушысы

полиция аға лейтенанты  Н.Б. Садуакасов