Оқу үрдісіндегі теория мен практиканың байланысы

2018 жылдың 28 наурызында ішкі істер органдарында әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Примкулова А.А. оқытуды практикалық бағыттау аясында «Сотталғандармен әлеуметтік жұмыс» тақырыбына оқу сабағын практикалық қызметкер Қостанай облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметінің аға инспекторы әділет аға лейтенанты А. Оспанованы сабақ жүргізуге тартып өткізді.

Сабақ барысында практикалық қызметкер курсанттарға пробация қызметінің жұмысы туралы жалпы айтып берді, пробация қызметінің полиция бөліністерімен есепте тұрған тұлғалардың тәртібін бақылауды іске асыру бойынша өзара іс-әрекеттері жөніндегі сұрақтарға тоқталды. Сонымен қатар, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған сотталғандарды қайта әлеуметтендіру және оларға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету мәселелеріне арналған Қазақстан Республикасында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтудың 2017-2019 жылдардағы Кешенді стратегиясы талқыланды.

Курсанттармен әңгімелесу барысында Оспанова А. практикадан мысалдар келтірді және олардың түрлі сұрақтарына нақты жауап берді. Сабақ соңында пробация қызметінің қызметкері курсанттардың қосымша практикадан өткенде өздерінің теориялық білімін қолдануға, пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалармен алдын алу жұмыстарын жүргізу ерекшеліктерімен танысуға, практикалық тәжірибе жинауға мүмкіндік болатындығына курсанттардың көңіл аударуы керектігін атап өтті.

А. Оспанованың практикалық тәжірибесі және сабақ өткізуге белсенді қатысуы курсанттарды сабаққа аса қызығушылықпен қатысуға ынталандырды.

ІІО-да ӘЖҰ кафедрасының аға оқытушысы

полиция майоры А. Примкулова