Жемқорлыққа қарсылық мәдениетін қалыптастыру барысындағы адамгершілік аспектілері

Ағымдағы жылдың 28 наурызында Академияның әйелдер кеңесінің бастамасымен Қостанай облысы бойынша ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-әрекет Агенттігің Департаменті басқармасының бас маманы Е. Бедычпен бірлесіп «Жемқорлыққа қарсылық мәдениетін қалыптастыру барысындағы адамгершілік аспектілері» тақырыбына 3 курс курсанттарымен дәріс өткізілді.

Әйелдер кеңесінің мүшесі полиция майоры Арстанбаева Б. кіріспе бөлімінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауының негізгі бағыттарын, соның ішінде Жолдаудың тоғызыншы міндетіндегі «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» сұрағын қарастырды. Президенттің Жолдауында көрсетілгендей, «соңғы 3 жылда ғана жоғары лауазымды шенеуліктер мен мемлекеттік компаниялардың басшыларын қоса алғанда, жемқорлық үшін 2,5 мыңнан астам адам сотталды», осы бағыттағы ауқымды жұмыс жүргізілуде, Қазақстанда тек жемқорлық көріністерді анықтау бойынша қосымша іс-шараларды іске асырумен шектелмей, сонымен бірге бір қатар превентивтік шаралар қолданылуда.

Кездесу барысында Академия курсанттары аймақтық Департамент жұмысымен, мемлекеттік органдардың жемқорлыққа қарсы саясатымен, сонымен қатар қолданыстағы заңның құқықты қолдану практикасын нақты мысалдармен талқылап танысуға мүмкіндік алды.

Талқылау барысында Бедыч Е. құқық қорғау секторындағы жемқорлыққа қарсы ортаны қалыптастыру осы саладағы мемлекеттік саясаттың басымды міндеттерінің бірі болып табылатынын және осындай кездесу тәжірибесінің келешекте жалғастырылатынын атап өтті

Академияның профессорлық-оқытушылық құрамы жемқорлықпен күреске ерекше көңіл белетіндігін, жемқорлық көріністердің алдын алу және болдырмау бойынша шаралар қолданатындығын, сонымен қатар қызметкерлер мен курсанттар арасында жемқорлыққа төзбеушілікті тәрбилеу жөніндегі жұмыс тұрақты түрде жүргізлетіндігін атап өту қажет.

Әйелдер кеңесінің мүшесі,

ІІО-да әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру

кафедрасының аға оқытушысы,

полиция майоры Примкулова А.А.



Нравственные аспекты в ходе формирования антикоррупционной культуры

28 марта т.г. по инициативе Женского совета Академии совместно с главным специалистом управления Департамента Агентства РК по делам государственной службы и противодействия коррупции по Костанайской области Е. Бедыч состоялась лекция на тему: «Нравственные аспекты в ходе формирования антикоррупционной культуры» с курсантами 3 курса.

Во вступительной части членом Женского совета майором полиции Арстанбаевой Б. были рассмотрены основные направления Послания Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу Казахстана «Новые возможности развития в условиях четвертой промышленной революции», в том числе вопрос девятой задачи Послания «Верховенство закона и борьба с коррупцией». Как указано в Послании Президента «Только за 3 последних года осуждено за коррупцию более 2,5 тысячи лиц, включая топ-чиновников и руководителей госкомпаний», работа в данном направлении ведется колоссальная, в Казахстане реализуются дополнительные меры не только по выявлению коррупционных проявлений, но и приняты ряд превентивных мер.

В ходе встречи курсанты Академии смогли узнать о деятельности территориального Департамента, антикоррупционной политике государственных органов, а также обсудить правоприменительную практику действующего законодательства на практических примерах.

В рамках обсуждений Бедыч Е. отметил, что формирование антикоррупционной среды в правоохранительном секторе является одной из приоритетных задач государственной политики в этой сфере, и опыт подобных встреч будет продолжен и впредь.

Необходимо отметить что, профессорско-преподавательским составом Академии уделяется особое внимание борьбе с коррупцией, принимаются меры по предупреждению и недопущению проявлений коррупции, а также на постоянной основе ведется работа по воспитанию нетерпимости к коррупции среди сотрудников и курсантов.

Старший преподаватель кафедры

организации социальной работы в ОВД,

член Женского совета,

майор полиции Примкулова А.А.