Академия асхана қызметкерлері баршаны Наурыз мерекесімен құттықтайды!

Ұлыстың ұлы күні саналатын Әз наурыз мерекесі керемет дастарханымен бүйім жұртты баурап алатыны рас. Соған орай Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының асхана қызметшілері, асхана басшысы Халикова М.М және 3 – курс курсантарынан құралған асхана бойынша кезекшілері, атап өтсек: Қосымбетов Жандос, Еркінбек Тұржігіт, Анарқұлов Айбек, Бибол Ерден, Сейсенбай Рүстем, Мадияров Рашид, Сүндет Бексұлтан, Қасым Нұрсұлтан және Әбішбек Беріктер наурыз мерекесінің ойдағыдай өтуі үшін мерекелік дастарғандарды даярлауда барын салып, қызмет етті.

Мерекелік дастарған өте жақсы жайылып, онда курсанттар үшін түрлі – түрлі  түркі тағамдары: қазақтың қызыл – сары бауырсағы, өзбек ағайындардың сап – сары палаулары, әр түрлі көкөністер мен дәмді тәттілер қойылған.

Асхана басшысы М.М Халикова, асхана қызметкерлері және асхана бойынша кезекшілер барша академия жұртын ұлыстың Ұлы күні – Әз Наурыз мерекесімен шын жүректен құттытап, отбасыларына амандық, бақ, береке және керемет мерекелік көңіл – күй тілейді.

Академия баспасөз қызметі

3 – курс курсанты

полиция қатарындағы

Тұрсынбай Думанжан