Қыздар арасындағы шаңғымен биатлон жарысы

Көпшілікке мәлім Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3 – курс басшылық құрамы, атап өтсек курс бастығы полиция подполковнигі Кусеубаев Азамат Браліұлы, курс бастығының орынбасарлары  полиция  капитаны Қадіров Қайрат Серікұлы, полиция капитаны  Жандауов Бағдат Еркінұлы жіне полиция старшинасы Альменов Азамат Серікжанұлы «Шырақбек Қабылбаевтың 110 – жылдығына» және Астана күніне арналған 3 – курс курсанттары ер балалар арасында шаңғымен биатлон жарысын ұйымдастырған болатын. Бұл жолы аталмыш іс – шара 3 – курс курсанттарының қыз балалары арасында жалғасын тапты.

Айта кетерлігі бұл сайыс қыз балалар арасында академиямызда алғаш рет өткізіліп отыр. Сайыс шарты бойынша әр 3 қыздар тобынан 2 қыз баладан шығып 800 метрлік алаңды эстафета түрінде басып өтіп, бірінші айналымда 10 метр арақашықтықтағы нысанада ілулі тұрған шарларға дөп тигізу керек болды. Онан соң ары қарай сырғанап барып, кезегін күтіп тұрған серігін екінші айналымға жіберу қажет. Екінші айналымды да осылай басып өтіп, нысананы көздеп, мәреге жету қажет болды.

Қатысушылар уақыт бойынша шаңғы теуіп, жүгіріп кетті. Жанкүйерлер қолдауларын аямай, бар дауыстарымен айқайлап жатты. Қатысушылар қолдарынан келгенше нысананы көздеп, мәреге алғаш жетуге тырысып бақты. Нысанадан көбісі мүлт кетіп жатты. Мүлт кеткендер қосымша айып алаңын айнала шаңғымен жүгірді. Осылайша мәреге алғаш болып 1 – топ келсе, артынан 30 секунд қалып кележатқан 2 – топ қоржындарына күміс байлады, мәреге 3 – ші болып 3 – топ бұрымдылары жетіп келді.
















3 – курс курсанты

Тұрсынбай Думанжан