Под небом правды» деректі фильмі көрсетілді

Адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастырудың негізі білім мен тәрбиеден бастау алады. Білім мен тәрбиеге жауапты алдымен отбасы болса, екінші кезекте білім беру саласы тұрады.

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған жемқорлыққа қарсы стратегиясы мен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттарының 101 оқу тобына және 311-312 оқу топтарына кураторлық сағат шеңберінде осы топтар кураторларының және тәрбие жұмысы бөлімінің инспекторы Б. Кишкентаевпен бірлесе ұйымдастырылған «Под небом правды» деректі фильмі көрсетілді.

Фильмді көрсету мақсаты — сыбайлас жемқорлықты жалпы қабылдамау, жемқорлыққа қарсы қоғамдық сананы жаңғырту, кіршіксіздік пен адалдық қадидаларын нығайту, оқу орны қабырғасынан бастап Отанға деген махаббатын, қоғамға деген сыйластықты, білім алуға құштарлықты, еңбекке деген ынтаны қалыптастырып, адал азамат етіп тәрбиелеу болып табылады.

Аталған құндылықтарды әр курсанттың, болашақ офицердің бойына сіңіру – әр тәрбиешінің міндеті. Осы аталған міндетті орындауда әлі де осы сынды тәрбие жұмыстары жалғасын табатынына сенеміз.

А. Мұрат

101 оқу тобының кураторы,

полиция аға лейтенанты  

С. Байгабулова

311-312 оқу топтарының кураторы,

полиция майоры