Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының «Ізкезуші» ғылыми үйірмесінің кезекті отырысы болып өтті

Кафедраның «ізкезуші» ғылыми үйірмесінің кезекті отырысының күн тәртібінде 3 сұрақ қарастырылып өтті. Біріншіден үйірмеге қатысушы курсанттардың ғылыми мақалаларын талқылау. Яғни, 3 курс курсанттары Қ. Қожабеков «Дәлелдемелер жинау және қылмыстық іс жүргізу», Б. Парахатова «Тактические приемы и тактические комбинации при допросе», Б. Бахытжан «Доказательственное значение проверки показаний на месте» және 2 курс курсанттары Т. Рассказова «Функции провосудия», О. Чужина «понятие и сущность функции защиты в уголовном процессе» атты мақалаларын талқылауға салып ашық басылымға шығаруды мақұлдау. Екінше мәселе бұл әлем бойынша күрделі мәселелердің бірі болып келетін «сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттердің жолдарын жетілдіру» бойынша ғылыми ізденістердің бағыттарын ұйымдастыру және осы мәселеге қатысты үйірменің курсаттарына ғылыми мақалалардың болжамды тақырыптары талқыланды. Үшінші сұрағы бұл, «Ізкезуші» үйірмесінің хатшысы 3 каурс курсанты Мұхаметханов Бағнұрды бекіту талқыланды.

Кафедраның профессорлық оқытушы құрамы «ізкезуші» ғылыми үйірмеге қатысушы курсанттармен бірге күн тәртібінде қарастырылған сұрақтарды терең талқылаудан өткізудің нәтижесінде, «сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбының негізінде ғылыми жетекшілерімен бірге мақалаларды дайындаға бағыт беріліп, оларға ғылыми жұмысты жазу әдістерін түсіндіріп шықты. Үйірмеге қатысушы курсанттардың «ізкезуші» ғылыми үйірмесінің хатшысын бекітуді ұсынып, бір ауызбен 3 курс курсанты Мұхаметханов Бағнұр бекітілді. Мұхаметханов Бағнұр оқу озаты, ғылыми жұмыстарды жазу әдістемесін жеткілікті меңгергенін ескере отырып, үйірмсеге қатысушы курсанттарды ғылыми жұмысқа бағыт беруге және олармен үйірменің жаспарын орындауда үйірме мүшелерімен тығыз қарым-қатынас жасауы тапсырылды.




«Ізкезуші» үйірме жетекшісі

Қылмыстық процесс және криминалистика

кафедрасының аға оқытушы

полиция майоры

Е.Е. Кайнар