ЖжДД кафедрасының  ғылыми үйірмесінің кезекті жиналысы өтті

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында қазіргі таңда жұмыс жасайтын әр кафедраның ғылыми жұмыс үйірмесі бар. Солардың бірі  ЖжДД кафедрасының «Палуан» ғылыми мақала үйірмесінің мүшелері және олардың жетекшілері арасында наурыздың 14 – і күні  кезекті отырысы өткізілді. Жиналысқа үйірме мүшелерінің көпшілік құрамы қатысып алдағы болатын конференциялар жайлы мәселе қозғады.  Сәуір айында өзімізде өтетін конференцияға дайындықты күшейтіп, көптеген сапалы мақалалар жазу қажеттігі жайында, сондай – ақ, бізге ұсыныспен келген біршама мақалаларды тексеріп, қабылдау керектігі жайында сөз қозғалды.

Үйірме мүшелеріне спортқа қатысты тақырыптарды таңдап, қазіргі уақытта адамдар арасында, қоғамда осы спорт жағынан туындаған  өзекті мәселелерді қозғап, онда өз пікірлеріміз бен көзқарастарымызды қамтып кетуіміз керек. Тек мақаланы ешқайдан көшірмей, бірақ бірнеше әдебиеттерді пайдалана отырып  жазамыз. Маңыздысы сол плагият болмауы керек – деді үйірме жетекшісі ЖжДД кафедрасы бастығыныңм орынбасары полиция майоры  Абдрахманов М.Б.









Заместитель начальника кафедры Б и ФП

майор полиции  М. Абдрахманов