Практикалық тәжірибе сабақтастығы – білікті кадр әлеуеттілігін қалыптастырудың негізгі түрлерінің бірі

2018 жылдың 14 наурызында ІІО әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру кафедрасы «Әлеуметтік жұмыс» және «Құқық қорғау қызметі» мамандығы бойынша оқитын 1, 2, 3 курс курсанттарының қылмыстық-атқару жүйесінің практикалық қызметкерлерімен кездесуін өткізді. Кездесу Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай академиясына аты берілген, мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ ССР ішкі істер министрі, ішкі қызмет генерал-лейтенанты, ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Шырақбек Қабылбаевтың 110-жылдық мерейтойына арналды.

Кездесуге Қостанай облысы бойынша ҚАЖД Қостанай қалалық пробация қызметі бастығының м.а. әділет капитаны Тумурзин Е.Е, Қостанай облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметтерін басқару бөлімінің ювеналдық юстиция тобының инспекторы әділет аға лейтенанты Жумабаева А., Қостанай облысы бойынша ҚАЖД «УК-161/11 мекемесі» кадрлық жұмыс тобының инспекторы әділет майоры Сергазин С.Б., Қостанай облысы бойынша ҚАЖД «УК-161/11 мекемесі» бастығының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары әділет майоры Рамазанов Е.И., сонымен қатар кафедраның профессорлық-оқытушы құрамынан кафедраның аға оқытушысы полиция полполковнигі Туретаев К.С., кафедраның аға оқытушысы полиция полполковнигі Конвисарь А.А., кафедраның аға оқытушысы полиция майоры Примкулова А.А., кафедра оқытушысы полиция капитаны Бабич А.А. қатысты.

Кәсіби дайындық деңгейін арттыру, курсанттардың әрі қарай қызмет атқару қажеттілігін ынталандыру, болашақ қызметкерлердің тәртіптік осалдықтарының алдын алу мақсатында шақырылған практикалық қызметкерлер күнделікті жұмыстағы жағдайлардан мысалдар келтіре отырып, ҚАЖ бөліністерінің жұмыс ерекшеліктері туралы, Академия түлектеріне қажетті білім, дағдылар және қасиеттер жөнінде әңгімелеп берді. Курсанттардың Қазақстан Республикасы заңнамалары бойынша біліктілік білімдеріне, сонымен қатар жұмыс атқарып жүрген қызметкерлерге физикалық дайындық бойынша қойылатын талаптарға әса көңіл бөлінді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылдың 10 қаңтарындағы Қазақстан халқына жолдауында қойылған келесі міндеттер: «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі», сотталғандармен жұмыста пайда табу және үстемдік алуды болдырмау, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзудың алдын алу, заңнама талаптарын сақтамауды және лауазымдық құзіреттіліктегі асыра сілтеуді қадағалаудың салдарлары туралы ҚАЖ қызметкерлері курсанттарға ерекше бөліп айтып берді. Курсанттар түрлі мәселелер бойынша өздерінің сұрақтарына жауап алды және бөліністердегі практикалық жұмыс туралы нақты қызмет атқарып жүрген қызметкерлердің аузынан есту мүмкіндігін пайдаланды.

Кездесу соңында курсантарға жеке дағдылар мен іскерлік қасиеттерді жетілдіру, оқуда жетістіктерге жету, өздерінің міндеттерін атқарудағы жеке жауапкершілік және тәртіп туралы тілек айтылды. Осыған қоса қызметтегі сыйластық, бедел, кәсіби өсу, әрбір қызметкердің неге ұмтылатыны, уақыт өте келе қажырлы еңбекпен, Отан алдындағы міндеттерін сапалы орындау арқылы неге жететіндігі туралы айтылды.

Қонақтардың арасында біздің Академияның түлектерінің болуы курсанттар үшін алға ұмтылуға жетектейтін маңызды үлгі болып табылды.

ІІО әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру                

кафедрасының оқытушысы

полиция капитаны А.А.Бабич

Преемственность практического опыта- одна из основных форм формирования квалифицированного кадрового потенциала.

14 марта 2018 года кафедрой организации социальной работы в ОВД проведена встреча курсантов 1,2,3 курсов обучающихся по специальности «Социальная работа» и «Правоохранительная деятельность» с практическими сотрудниками уголовно-исполнительной системы. Встреча была посвящена 110-летнему юбилею Шракбека Кабылбаева, государственного и общественного деятеля, министра внутренних дел Казахской ССР, генерал-лейтенанта внутренней службы, заслуженного работника МВД, имя которого присвоено Костанайской академии МВД Республики Казахстан.

 На встрече присутствовали и.о.начальника службы пробации города Костанай ДУИС по Костанайской области капитан юстиции Тумурзин Е.Е., инспектор группы ювенальной юстиции отдела по руководству службами пробации ДУИС по Костанайской области старший лейтенант юстиции Жумабаева А., старший инспектор группы кадровой работы «Учреждения УК-161/11» ДУИС по Костанайской области майор юстиции Сергазин С.Б., заместитель начальника по воспитательной работе «Учреждения УК-161/1» ДУИС по Костанайской области майор юстиции Рамазанов Е.И., а так же профессорско-преподавательский состав кафедры в составе старшего преподавателя кафедры подполковника полиции Туретаева К.С., старшего преподавателя кафедры подполковника полиции Конвисарь А.А., старшего преподавателя кафедры майора полиции Примкуловой А.А., преподавателя кафедры капитана полиции Бабич А.А.

С целью повышения профессионального уровня, стимулирования мотивации курсантов для дальнейшего прохождения службы, профилактики дисциплинраных проступков будущих сотрудников, на примерах ежедневного практического труда, приглашенные сотрудники рассказали о специфике работы подразделений УИС, необходимых навыках и качествах, обладателем которых должен быть выпускник Академии. Особое внимание было уделено квалификационным знаниям курсантами законодательства Республики Казахстан, а так же требованиям физической подготовки, предъявляемым действующим сотрудникам.

Отдельным вопросом, сотрудники УИС разъяснили курсантам одну из важных задач поставленных Президентом Республики Казахстан в своем Послании народу Казахстана от 10 января 2018 года: «Борьба с коррупцией и верховенство закона», недопущение получения благ и преимуществ в работе с осужденными, профилактике коррупционных правонарушений, последствия несоблюдения требований законодательства и превышения должностных полномочий. Курсанты получили ответы на актуальные вопросы, возможность узнать побольше о работе «на практике» предоставилась из первых уст.

Встреча завершилась пожеланиями для наших курсантов в совершенствовании личных навыков и деловых качеств, успехов в учебе, личной отвественности и дисциплинированности, при выполнении своих обязанностей. Уважение, авторитет на служебном поприще, профессиональный рост, то к чему должен стремится каждый из нас, то что достигается врменем, упорным трудом, качественным подходом к выполнению поставленных перед Родиной задач.

Важными напутственными примерами для курсантов, в профессиональном и личном становлении стали наши гости, в прошлом выпускники нашей Академии.

                          Преподаватель кафедры ОСРвОВД

                          капитан полиции

                          Бабич А.А.