Кәсіби бағдар беру – маңызды іс

Оқушылардың мектеп партасының соңғы жылдарындағы ойланатын мәселелерінің бірі – мамандық таңдау. Болашағында жақсы, білімді, қажетті  маман иесі болу әрбір оқушының алға қойған мақсаты, тіпті арманы десек те болады.

Ал, біздің өзіміздің қара шаңырағымыз – Академиямыздан білікті де білімді маман, елінің сенімді сақшысын тәрбиелеп шығару – біздің басты міндетіміз.

Қазіргі уақытта осындай таңдау үстінде жүрген оқушыларға болашақ мамандық таңдау жолында кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізу өткізіліп жатыр. Аталған жұмысты жалғастыру мақсатында 2018 жылдың 14 наурызы күні Қостанай қаласы С. Мәуленов атындағы гимназия оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысы ұйымдастырылды.

Оқушыларға, алдымен, Қостанай академиясы туралы жалпы мәлімет берілді. Академия туралы бейнеролик көрсетілді. Оқушылардың қызықтырған сұрақтарына нақты да толық жауап берілді.

Өз кезегінде мектеп оқушылары мамандық таңдау жолындағы көрсетіліп отырған кәсіби көмек үшін алғыстарын білдірді.

А. Мұрат

Әкімшілік құқық және әкімшілік қызмет кафедрасының оқытушысы

полиция аға лейтенанты