Ұзынкөл өңірінің мектептерінде жүргізілген кәсіби бағдар беру жұмысы

2018 жылдың 5-6 наурыз аралығында тілдер кафедрасының оқытушысы полиция аға лейтенанты Мадина Мукашевна Уразбаева Ұзынкөл ауданының Ұзынкөл ауылындағы №2 Ұзынкөл орта мектебінде және аталған ауданның Федоров ауылындағы Федоров орта мектебінде кәсіби бағдар беру жұмысын өткізді.

Мектеп түлектеріне академиямыздың өмірі мен атқарылатын жұмыстары бейне және слайд арқылы жеткізілді, бүктемелер үлестірілді.


Ұзынкөл аудандық ішкі істер басқармасы бастығының кадрлар жұмысы бойынша орынбасарының міндетін атқарушысы полиция майоры Абитова Батима Зупаровна АІІб-да ішкі істер органдарында қызмет етуге қызығушылығын таңытқан түлектер мен колледж студенттерін аудан бойынша жинап, оларға конкурс байқауына түсу ережелерін түсіндіріп берді. Аталған жиналысқа академиямыздың атынан қатысып, үміткерлердің сұрақтарына жауап берілді.


тілдер кафедрасының

    оқытушысы

    полиция аға лейтенанты

     М.Уразбаева