Футбол ойыны – тығыз қарым-қатынастың құралы

2018 жылдың  наурыз айының 8-і күні кешкілік уақытта Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының спорт кешенінде Күндізгі оқыту факультеті 2 курс  203 оқу тобы мен 3 курс 301 оқу топ командалары арасында футболдан жарыс болып өтті. Аталмыш іс – шараны 203 оқу топ жетекшісі Қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры Қайнар Ерболат Ержанұлы ұйымдастырды.  Спорттық іс – шараның негізгі мақсаты курсанттарды тәрбиелеу және студенттер арасындағы бірлік пен ұжымдық рухты қалыптастыру және нығайту. Сонымен қатар кешкілік уақытта курсанттардың бір сергіп қалуын жөн көрдік. Ойын өте қызықты, әрі тартымды өтті. Ойынға қатысушы курсанттар спорттық іс-шара барысында командалық ұйымшылдықты, ауызбіршілікті, шеберлікті көрсете білді. Жарысқа қатысушы  әрбір команда мүшесі жеңіске жету үшін бар күш – жігерін ортаға салды, сондай-ақ намысты қолдан жіберіп алмауға тырысты.  Кез келген курсант үшін бұл бір жағынан бақтарын сынап, өздерін жақсы жақтан таныта алу мүмкіндігі болса, екінші жағынан күнделікті курсанттық өмірлерін түрлендіру болып табылады.



2 курс 203 топ жетекшісі:

Қылмыстық процесс және криминалистика

кафедрасының аға оқытушысы

полиция майоры

Е.Е. Кайнар