3 – курс курсанттары арасындағы шаңғымен биатлон жарысы өткізілді

Көктем шыққанымен қыс әлі тонын шеше қойған жоқ. Осындай сәтті пайдаланып Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының 3 – курс басшылық құрамы, атап өтсек курс бастығы полиция подполковнигі Кусеубаев Азамат Браліұлы, курс бастығының орынбасарлары полиция капитаны Қадіров Қайрат Серікұлы, полиция аға сержанты Альменов Азамат Серікжанұлы осынау іс – шара Шырақбек Қабылбаевтың 110 – жылдығына, Астананың 20 жылдық мерейтойына арнап
3 – курс курсанттары ұйымдастырды.

Айта кетерлігі бұл сайыс Академиямызда алғаш рет өткізіліп отыр. Алғаш рет өткізілгеніне қарамастан 3 – курс курсанттары және курс басшылығы шаңғы биатлонын керемет деңгейде ұйымдастырды, нақтырақ айтқанда тұп – тура бұрыннан өткізіліп келе жатқан керемет жарыстай өте әсерлі есте қалды. Сайыстың мән – жайынан сөз қозғасақ: әр 10 топтан 2 курсант қатысты. Оларға әуелі курс бастығы полиция подполковнигі Кусеубаев А.Б сайыс шартын жете түсіндірді. Сайыстың шарты бойынша 800 метрлік алаңды эстафета түрінде басып өтіп, бірінші айналымда 10 метр арақашықтықтағы нысанада ілулі тұрған шарларға дөп тигізу керек болды. Онан соң әрі қарай сырғанап барып, кезегін күтіп тұрған серігін екінші айналымға жіберу қажет. Екінші айналымды да осылай басып өтіп, нысананы көздеп, мәреге жету қажет болды.

Қатысушылар уақыт бойынша шаңғы теуіп, жүгіріп кетті. Жанкүйерлер қолдауларын аямай, бар дауыстарымен айқайлап жатты. Тіпті ұрмалы дауыл аспабымен қошеметтер көрсетілді. Әр топ өз қатысушыларын барынша қолдады. Қатысушылар қолдарынан келгенше нысананы көздеп, мәреге алғаш жетуге тырысып бақты. Нысанадан көбісі мүлт кетіп жатты. Мүлт кеткендер қосымша айып алаңын айнала шаңғымен жүгірді. Тек 301 – топтың қатысушысы Сатыпалды Нұрдаулет және 310 – топ намысын қорғаушы Баязитов Мадияр нысананға дөп тигізе білді. Осылай алғаш рет бірақ соған қарамастан өте қызықты өткен бұл жарыста 1 – орынды 310 – топ қатысушылары жеңіске жетсе, 2 – орынды 305 – топтың қатысушылары қанағат тұтты, ал 3 – орынға курс бастығы полиция подполковнигі Кусеубаев А.Б және 306 – топ курсанты Дружинович А.И ие болды.

–Шыны керек жарыс осындай керемет деңгейде өтеді деп ойламадық. Қатысушыларды сырғанау былай тұрсын, жүгіреде алмайтын шығар деп болжаған едік. Бірақ бұлардың желдей ескенін көргенде аузымыз ашылып қалды. Көңіл – күй өте тамаша, бізде ендігі де шаңғы тебетін боламыз – деді 3 – курс курсанттары.

3 – курс курсанты
Тұрсынбай Думанжан