Сенбінің сәтті сейілдемесі

Курсанттық өмірдің қуанышты сәттерінің бірі — әрине, сейілдеме. Қалаға шығып сергіп қайту, серуендеу, қаланың тарихи-көрнекі жерлеріне бару, театр мен кинотетрға бару – сейілдемеге шыққан курсанттардың жоспары. Осы аталғандардың орындалуына әрине, топ кураторының көп көмегі қажет екендігі сөзсіз.

Өткен сенбі 101 оқу тобының курсанттары сейілдемеге шығып, сергіп қайтты. Алдымен қаланың тарихи-көрнекі жерлерін  аралаудан басталған сейілдеменің жалғасы «Қазақстан» кинотеарының шаңырағында аяқталды. Курсанттар Нұртас Адамбаевтың  «Я жених» атты комедиялық кинотуындысын тамашалады.

Курсанттардың қызықты өткен осы күні баршамызға ұнады, әсерлі де қызықты демалыс күнін өткіздік. Осындай күнді ұйымдастырған 101 оқу тобының кураторы, полиция аға лейтенанты А. Мұратқа алғысымыз шексіз. Алдымыздағы үш жылда да осындай күндердің бірнешесін өткізугк үміттіміз.

С. Нақыпбеков

1 курс курсанты