КУРСАНТТАРДЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ПАТРИОТИЗМ БАҒЫТЫНДАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ

2018 жыл Қазақстан тарихымыздағы Азаматтық қарсыласуының 100 жылдығымен байланысты. Осы тарихи датаға арнап, 4 наурыз күні 213 — 214 топтардың кураторы А. Наурзбаева Қостанай Облыстық өлкетану мұражайына экскурсия ұйымдастырды.Қызықты экскурсия барысында курсанттар Қостанай өңіріне арналған бірнеше тарихи кезеңдерін зерттеді. Әсіресе, Қостанай облысы аумағында өткен Азаматтық қарсыласу мәселесіне басты назар аударылды. Мұражай  экспедиторы А. Иманов және А. Джангильдин тұлғаларына және олардың Азаматтық қарсыласу уақытындағы тарихи рөлін көрсетті. Экскурсия барысында, курсанттар ұлы тұлғалардың мұражайда сақталған жеке заттарын тамашалады.Жалпы айтқанда, Қазақстан Президенті Н. Назарбаев айтып кеткендей: «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді, халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады.» Осындай маңызды бағытта жас ұрпақтармен жұмыс жүргізу қажет екендігі барлығымызғада айқын.  Әлеуметтік-гуманитарлық пәндеркафедрасының аға оқытушысыполиция капитаны

А.Наурзбаева