ТӘЖІРИБЕЛІ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРМЕН ТӘЖІРИБЕ АЛУШЫ КУРСАНТТАРДЫҢ КЕЗДЕСУІ

2018 жылдың 28 ақпанында Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің Шырақбек қабылбаев атындағы Қостанай академиясының біліктілікті арттыру және қайта даярлау институтының оқу аудиториясында мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы полиция майоры А.Ақылбековамен тәжірибелік қызметкерлері мен күндізгі оқу факультетінің 2 курс курсанттарымен кездесу өткізілді.

Бұл кездесуде курсанттар ұтымды сұрақтар қойып, тәжірибелік қызметкерлерден алған жауаптарын ескере отырып, келешекте қолдануына нұсқау алды.

Курсанттардың пікірінше бұндай кездесулер теориялық білімнің тез бекітілуіне маңызды. Тәжірибелік қызметкерлердің жоғары қызметтік деңгейлері курсанттарды қызықтыра отырып, болашақта қызметтік жолда сондай жетістіктерге жетуіне көмектесетінін айтты.

Осындай кездесулер жиі болып тұрса болашақ мамандықтарына сүйіспеншілігі артады.

Мемлекеттік-құқықтық пәндер

кафедрасының аға оқытушысы

полиция майоры А. Ақылбекова