Алғыс күніне арналған 10 минуттық тренинг өткізілді.

Амандасып қане, біз,

Алғыс айтайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Рақмет айтыңдар бәріне.

Қандай жақсы бір тұру,

Достар менен бір жүру,

Қандай жақсы дос болу,

Бәріне алғыс білдіру!

Алғыс білдіру, рақмет айту, адамдарды сыйлау және мейірімді болу әр адамның басты міндеттердің бірі болып табылады. Бірақ, көп жағдай барысында алғыс айтуды ұмытып, немесе оған ерекше көңіл бөле бермейміз.          Психолог ғалымдардың айтуынша алғыс сөздерінде бір сиқырлық бар — олар арқылы адамдар арасында жақсы қатынас орнатылып, адамның өзін-өзі бағалауы, сыйластық сезімдері оянады. Көктемнің алғашқы күні алғыс айту күні болғандықтан, 302 және 308 оқу топтарында «Ризамын» атты тақырыбы бойынша сабақтан үзіліс уақытында 10 минуттық тренинг жаттығуы өтті.

Тренинг барысында курсантттар бір-біріне сыйластықтарын, жылы сезімдерін, алғыстарын білдірді. Бүгінгі тренинг жаттығуы 10 минуттық болса да, бірақ курсанттардың бір-біріне «Рақмет саған», «Сендей досым болғаныма ризамын», «Алғысым шексіз», «Керемет адамның бірісің» тағы басқа жақсы сөздеріжүректен жүрекке шын ниетпен жеткені көрініп тұрды.

Жаттығу соңында «Өзін-өзі тану» сабағының авторы, жетекшісі С.А.Назарбаеваның «Ризамын саған ризамын!!!» атты өлең жолдарымен аяқтадық.

302 оқу тобының кураторы

полиция майоры

А.Б.Досмаилова

308 оқу тобының кураторы

полиция аға лейтенанты

Н.Ж.Турсумбаева