Қыспен қоштасу

Қыс мезгілінде бірқатар қала тұрғындары қаланың  демалыс орталықтарына барып уақыт өткізгенді ұнатады. Қаһарлы қыстың аяқталуына бірер күн қалды, санаулы күнде өз мәресіне жететін қыстың қызықтары мен ерекшеліктеріне әбден тәнті  болу үшін 1 курстың 102 тобы да кезекті демалысты қала орталығында өткізді. Серуендеу барысы «Март» ойын-сауық орталығындағы «Арман» кинотеатрында 3D фильмді тамашалаумен басталды. «Март» орталығында біраз қыдырып, түс уақыты жеткенде ауқатанып алдық. Топтың ұлдары мен қыздары бірге отырып тамақтанғанның өзі үлкен бір қуанышты сәттердің бірі болды.

Бағдарлама бойынша келесі демалу орнына  баратын жолда кездескен қала орталығындағы сырғанақты көріп балалар мәз-мәйрам болды. Бұрын мұз қалашықтарын, биік сырғанақтарды көрмеген оңтүстік өңірлерінен келген жастар үшін бұл бір жаңалық еді. Қалашық басындағы кішкентай бүдіршіндермен бірге сырғанақ тебе жөнелді.  Балалардың қуанғанын көріп, мен де мәз болдым. Балалық шағымызды еске алып,  бала кезімізде төбешік жасап, содан сырғанаған бақытты баллалық шақ ойға оралды.

Қазіргі күні қалада балалардың дені коньки тебуге құштар, 102 топта осы пайдалы әрі спорт, әрі демалыстың қызығымен танысу үшін белгілі орталықтардың бірі —  «Спорт сарайы» алаңына бардық. Аңғарғанымыздай, мұз айдынында адам саны көп екен. Бұрын үлкен мұз айдынында сырғанап көрмеген балалар коньки киюге сенімсіздік танытты, ал батылдары, қуана-қуана сырғи жөнелді. Құлады, күлді, бір-біріне коньки тебудің қыр-сырын үйретті,   балалар мәз болып көңіл көтерді.

102 взвод кураторы

полиция майоры

Нұрмағанбетова Ж.К.