Кітап әліміне саяхат

Ағымдағы жылдың ақпан айында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атыңдығы Қостанай академиясының 304 оқу тобының курсанттары Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына барып, кітап өмірімен танысты.

Электронды кітаптар заман талабына сай жас ұрпақты қамтамасыздандырғанмен, курсанттардың баспа басылымдарынан шығарылған кітаптарға деген қызығушылықтарын арттыру, ұлттық мұраларға деген құрметті сақтап қалу мақсатында, кітапхананың тарихын сұрастырып, бөлімдер мен мұражайға кіріп қайттық.

Курсанттар 1949 жылы атақты орыс жазушысы Лев Николаевич Толстойдың 120 жылдық мерейтойына байланысты есімі берілгені туралы білді. Келген оқырмандардың кітапқа деген сүйіспеншіліктеріне тамсана қарадық. Электронды кітаптар басым болғанмен, кітапты қолға ұстап оқитын жас ұрпақтың саны басым екеніне де көзіміз жетті. Бүгін Л.Н.Толстой атындағы облыстық кітапхана электрондық ақпаратпен жұмыс істейтін, ғаламтордың қорын жүйелейтін, әртүрлі электрондық қызметті көрсететін және жаңа технологияларды енгізудегі өзінің болашағын толық сенімді байланыстыратын кітапхананың жаңа үлгісі,  маңызды ақпараттық, мәдениеттік, өлкелік білім алатын орталығы екендігін  өз көзімізбен көрдік. «Кітап — ғалым, тілсіз мұғалім» деп тегін айтылмағандықтан, бос уақытта кітап алып оқу үшін, облыстық кітапханадан жексенбі күндері келіп те кітап ала алатындары жөнінде білді.

304 оқу тобының кураторы

полиция аға лейтена

М.М.Уразбаева