Курсанттардың жексенбілік күнінен бір сәт

2018 жылдың 25 ақпаны күні күндізгі оқу факультетінің 2 курс 2011-2012  оқу тобының курсанттарымен бос уақытты тиімді ұйымдастыру мақсатында ұжымдық қалаға шығу жұмысы ұйымдастырылды. Жоспарға сәйкес «Қазақстан» кинотеатрында өткізілген «Каникулы в Тайланде» атты киноға бардық.

Отандық қызыққа толы кинокомедияда достардың бастарынан кешкен оқиғалары барысында курсанттар шынайы достықтың құндылығын насихаттайтын көріністің куәгері болғандықтары туралы өздерінің ойларымен бөлісті. Фильм сценариі достықтың адам өміріндегі кездесетін түрлі қиындықтарға мойымауға, басқа түскен сәтсіздіктерде бірге бөлісе білетін жақын адамдардың болғанына не жетсін деген тұжырымға тоқталады.

Кинодан соң қазіргі таңдағы жан-жақты білім мен тәрбие берер мәдени орындардың бірі Л.Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына бардық. Кітапханадан курсанттар оқытылатын пәндері бойынша өздеріне қажетті деректі материалдар жинады.

211-212 оқу топтарының кураторы

полиция подполковнигі Б. Абдыкалыков