Мәдени тұрғыда демалу — курсанттардың оң эмоциясын қалыптастыру

Рухани құндылықтарымыз: мәдени тұрғыда демалу, театрға бару, кітап оқу, әдеби әлем дүниелерін мұқият оқып білу, адами таным мен тәжірибеде мықтап ескеру – адамзаттың асыл парызы. Сол себептен, демалыс күндері 302 және 308 оқу тобының кураторлары мен курсанттары қаланың белгілі және мәдени орталықтарына барып бірге уақыт өткізуге дәстүрге айналдыруды мақсат еткен, 2018 жылдың 25 ақпанда курсанттар Тәуелсіздік көшесі бойында орналасқан мұз айдынына және «Март» сауда орталығындағы «Арман» кинотеатрына барды.

Курсанттар өз еліміздің жаңа фильмін тамашалап, оң эмоция әсерлер алып, өздерінің алған жақсы сезімдерімен бөлісті.

302 оқу тобының кураторы

полиция майоры

А.Досмаилова

308 оқу тобының кураторы

полиция аға лейтенанты

Н.Турсумбаева