Академия курсанттары жекпе жек сайысында жеңімпаз атанды

2018 жылдың 17- 18 ақпан күндері Қостанай политехникалық колледжінде жасөспірімдер мен балалар арасында ұлттық спорт түрі жекпе-жектен облыстық ашық турнирі өтті.

Аталмыш іс-шарада Қостанай облысы мен Астана қаласынан келген спортшылар өз шеберліктерін көрсетті. Аталмыш жарыста ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының курсанттарынан құралған команда мүшелері өте белсенділік танытып, қарсыластарын ойсырата жеңумен болды.

Басты мәреде Арқалық қаласынан келген мықты қарсыласын жеңген 2 курс курсанты Музаффаров Фаридун бірінші орынға ие болды.

Турнирдің күміс жүлдегерлері: 2 курс курсанты, қоян-қолтық ұрысынан ҚР спорт шебері 65 келі салмақ дәрижесінде Иманбаев Жумабек және 1 курс курсанты 66 келі салмақ дәрижесінде Арыстанов Ерлан.

Қола жүлдесімен 2 курс курсанты Iзден Досжан және 1 курс курсанты Нурпеисов Асат марапатталды.

Жалпы топ біріншілігінде Р.М.Алиев басқаратын аралас жекпе-жек федерацияның командасы чемпион аталды.

Академия баспасөз қызметі