Кезекті ғылыми-зерттеу семинары

Үстіміздегі жылдың 10 ақпанында Академия бастығының орынбасары, заң ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, полиция полковнигі С.Н. Бачурин ғылыми және педагогикалық магистратураның 1 курс магистранттарына кезекті ғылыми-зерттеу семинарын өткізді.

Полиция полковнигі С.Н. Бачурин ғылыми-зерттеу семинарында ғылыми мақаланың авторлық-зерттеу жұмысының нәтижелерін көрсететін жұмыс екендігі туралы баяндады. Ғылыми мақаланы жазу үшін негізгі ережелерді: тақырыптың өзектілігі, жаңашылдығы мен бірегейлігін есте сақтау жөнінде, кез-келген ғылыми мақалада мақсат пен міндеттерді, тұжырымдарды сипаттау керектігін атап өтті. Сондай-ақ, ғылыми мақалаларға қойылатын талаптарға баса назар аударылды: түйін жазу, әмбебап ондық жіктемені қою, әдебиеттерге сілтемелер жасау ғылыми мақаланың өзектілігіне, жаңашылдығына, қорытынды жасауға толық түсінік берілді, ғылыми мақаланың басқа авторлардың жұмысымен арасындағы айырмашылығына тоқталды.

Осылайша 1 курс магистранттарына ғылыми мақала жазу жөнінде  теориялық көмек көрсетілді. Өз кезегінде магистранттар толғандырған сұрақтарын ортаға салып, жауаптарын алды.

Бұл ғылыми семинар жалғасын тауып, жемісін де береріне кәміл сенеміз.

Магистратура

аға оқытушы-әдіскері

полиция майоры  Г. Едресова