«Дарын» ғылыми үйірмесінің отырысы өтті

2018 жылдың 7 ақпанында Академияның ғылыми-зерттеу жұмысы аясында «Дарын» атты ғылыми үйірменің кезекті отырысы өтті.
Ғылыми үйірмені әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция капитаны А.Қ. Наурызбаева өткізді. 2017-2018 жыл жоспарына сәйкес курсанттарды ғылыми-зерттеу жұмысы әдістемелік және теориялық негіздерін зерттеу сұрақтары  қарастырылды.


Аталмыш іс-шара жақынарада өткізілетін Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «ТӨРТІНШІ ӨНЕРКӘСІПТІК РЕВОЛЮЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ДАМУДЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ»  атты Жолдауына байланысты дөңгелек үстел  дайындығы тексерілді.
Әсіресе, курсанттардың осы сәуір-мамыр айындарда өтетін  ғылыми-теориялық конференцияға дайындығына аса маңызды көңіл бөлінді.


Жалпы, алға қойылған мақсаттар іске асырылды, бұл курсанттармен оқытушылардың  ғылыми-зерттеу саласындағы болашаққа бағдар жасауға  мүмкіндік берді.

Әлуеметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы