Мамандықты дұрыс таңдау — болашақтың кепілі

Мамандықты таңдау барысында кәсіби бағдар беру жұмысы түлектерге көп көмегін тигізеді. Мектеп оқушылары үлкен жолға аяқ басар алдында адаспай жолын табуы керек. Мамандық таңдауда ең бастысы – адамның өзінің ішкі түйсігін түсіну, болашағын болжай білу, дұрыс таңдау жасауға бейімдеу болып табылады.

2018 жылғы 1 ақпанда ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қылмыстық, қылмыстық-атқару құқығы және криминология кафедрасы бастығының орынбасары полиция майоры Г.Н. Кажикова және кафедраның аға оқытушысы полиция майоры З.М. Суйеубаева Қостанай қаласының №15 орта мектебінің 9, 10, 11 сынып оқушыларымен кәсіби бағыт-бағдар беру жұмысын өткізді.

Кәсіби бағдар беру барысында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында білім беру мамандықтары туралы, оқуға қабылдау тәртібі, дене дайындығынан тапсыратын нормативтер жайында ақпарат берілді.

Жоғарыда аталған ақпаратпен қатар, Академия оқытушылары Тікелей қабылдау мәселесіне аса назар аударып, тікелей қабылдау тәртібі мен ерекшеліктерін атап өтті.

Кездесу соңында оқушылар мен сынып жетекшілері, кездесуге қатысқан басқа да мұғалімдер өздерін қызықтырған сұрақтарды қойды. Сұрақтар біздің жоғары оқу орнымызға түсуге бел байлаған оқушылар тарапынан көп болды.

Кажикова Г.Н.

Суйеубаева З.М.