Академияда кеңейтілген жедел кеңес өтті

Жақында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының акт залында Академия бастығы полиция генерал – майоры Мирлан Қызыловтың жетекшілігімен Академияның жеке құрамы қатысқан кеңейтілген жедел кеңес өтті.

Жедел кеңес барысында Академия бастығы жеке құрамға Астана қаласында Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрі полиция генерал- полковнигі Қ. Қасымовтың қатысуымен өткен алқа отырысында айтылған мәселелерді жеке құрамға жеткізді. Ақпаратты жеткізіп болған соң, кеңейтілген отырыста қарастырылатын сұрақтарға көшті.

Жиналыста 9 сұрақ қарастырылды. Кейбір қызмет, бөлімдер өздерінің бір жылда атқарған жұмысының қорытындысы туралы есеп берді. Көптеген түйіні шешілмеген сұрақтар қарастырылып, оң шешімдерін тапты.

Мәселен Академияның арнайы мұрағаты туралы есеп барысында, мұрағат басшысы Бақытгүл Сұлтанова  қазіргі таңда талапқа сай мұрағатта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны туралы елді құлақтандырды. Және де Академияда өткен спорттық, қоғамдық, мәдени іс шаралардың электрондық түрін мұрағатқа тапсыруды өтінді. Бұл келешек ұрпаққа қалдыратын үлкен аманатымыз екенін түсіндірді.

Мұрағат басшысының есебінен кейін шаруашылық бөлімінің басшысы жылдық қорытындысын жасады. Қазіргі таңда Академия шаруашылығында ауыз толтырып айтарлықтай мәселенің жоқтығы сөз етілді.

Жедел кеңес барысында басты мәселелердің бірі офицерлердің қызметтік тәртіпті қатаң сақтауына, нысандық киім үлгісін бұзбауына аса назар аударды.

Академия бастығы барлық қызметкерлердің жылдық есебін тыңдап болған соң, өзі әр қызмет, бөлімнің жұмысына қанағаттанарлық деп баға беріп, болашақта осы қарқынмен әлде де көптеген істі бітіруге шақырды. Жәнеде кеңейтілген жедел кеңес соңында болашақта атқаратын көптеген тапсырмаларды сәтті орындауға бұйрық берді.

Академияның баспасөз қызметі