«Денсаулық — 2019» спартакиадасы жалғасуда

Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында 2019 жылдың 21 қаңтарынан бастап «Денсаулық — 2019» атты спартакиада өтіп жатқандығы баршаға мәлім.

Бірінші күнін «Денсаулық — 2019» спартакиадасы волейболдан бастаған болатын. Академияның жеке құрамынан құрылған «Арлан», «Заңгер», «Динамо», «Ғалымдар», «Арыстан», «Жауынгер», «Құлагер», «Барс» командалары төрт күн бойы бір – бірлерімен волейболдан жарысты.  Төрешілердің шешімі бойынша волейболдан «Ғалымдар» 1 орын, «Динамо» 2 орын, «Заңгер» 3 орынды иеленді. Аталған командаларды жеңістерімен құттықтаймыз!

Ал, қалған командаларға басқа спорт түрлерінен өздерін көрсетіп, жүлделі орындарды иеленеді деген сенімдеміз. Келесі кезекте құқық қорғау қызметкерлері нысана көздеп, кәсібилігін көтеріп, мергендік қабілеттерін көтеру үшін, оқ ату жарысынан өздерін көрсетеді.

Оқ ату жарысы да басталып кетті.

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар дегендей», командалар алға, тек қана алға!!!

Баспасөз қызметінің

баспасөз хатшысы О.Уақпаева