Ардагерлермен кездесу

Жақында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында Академия ардагерлері мен 1 курс курсанттарының кездесуі өтті. Қонақта болған Академия ардагерлері зейнеткер полиция полковнигі Комамбаев Абдрахман Сегизбайұлы және отставкадағы полиция подполковнигі Евдокименко Николай Григоревич.

«Көп жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» -деген мақалды Академия  басшылықтары алға тартқандай, қонаққа тәжірибесі мол, үлгі тұтар азаматтарды шақырып, курсанттарға өз өмірінен, яғни бұл мамандықтың қыр-сырымен таныстыру мақсатында өткізілді. Курсанттармен ортақ тіл таба білген қонақтар, лезде қызықты сәттерімен бөлісті. Сұхбат ашық әрі еркін түрде жүргізілді. Бұл мамандықты курсанттардың дұрыс таңдағандығын, полиция болудың қыр-сырын, тәртіпті де, білімді болудың қаншалықты маңызды екендігін жетік түсіндірді.

«- Полиция – бұл ең алдымен қоғамдық тәртіп сақшысы, Қазақстан Республикасына қызмет ететін ішкі істер органынына лайықты қызметші, үлгілі полиция болуды, парасаттылықты, білімділікті, тәрбиені, жанашырлықты, шыдамдылықты, адамгершілікті, адалдықты, жан-жақты біліктілікті талап ететін мамандық.»- деп, өз сөзін полиция полковнигі Абдрахман Сегізбайұлы бастады.

Бұл кісілер  Академияға бүгін келіп отырған жоқ, осы уақытқа дейін академияда дәрістер беріп, сабақтар өткізген. Курсанттарға жеткен жетістігі жайлы, қылмыстық-атқару ісіне қатысты істері жайлы, қызықты да жауапкершілікті талап ететін жұмысынан үзінді оқиғаларымен бөлісті. Бұл кісінің әңгімелері курсанттарды қызықтырып, олардың мамандығына деген қызығушылығын, іздесін, құштарлығын одан әрі оятты десем аздық етпейді.

«Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа» — демекші, курсанттардың көзқарасын жақсарту мақсатында академия басшылары курсанттарға үлгі болар азаматтар мен азаматшаларымен ортасын толтырып, тәртіпті де, үлгілі полиция болуға баулуда.

Осындай кездесулердің куәсі болуға мүмкіндік жасаған Қазақстан Республикасы Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының басшыларына 1 курс курсанттарының атынан алғысымыз шексіз.

1-ші курс курсанты

полиция қатарындағы Максетва Г.А.