Академияда қызметкерлер арасында қысқы спартакиада басталды

2018 жылы 22 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында қызметкерлер арасында «Денсаулық-2018» атты қысқы спартакиада басталды.

Аталмыш жарысқа Академияның барлық қызметкерлерінен құралған 9 команда 200-ден астам қызметкер қатысып, спорттың 5 түрінен (дойба, волейбол, футбол, шахмат, атыс жарысы) жарысқа түсті.

Жарыстың салтанатты ашылу жиынында академия бастығы полиция генерал-майоры Мирлан Қызылов құттықтау сөз сөйлеп, барлық жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

-Құрметті жарысқа қатысушы спортшылар. Сіздерге бүгінгі басталып отырған жыл сайынғы дәстүрлі спартикиада қажымас қайрат, тыңбас еңбек тілеймін. Жарыс болған жерде жеңілісте, жеңісте болады. Сондықтан жеңілдім деп мойымай, жарысқа қатысқандарыңыз үшінде үлкен алғысымды білдіремін. Ал оқ бойы жүйрік келетін командаларға тағы да сәттілік тілеймін. Спорт ол өздеріңіздің денсаулықтарыңыздың кепілі. Сондықтан «дені саудың, тәні сау» демекші, барлықтарыңызды спортпен жиі-жиі шұғылдануға шақырамын, — деді өз құттықтауында Академия бастығы полиция генерал-майоры М. Қызылов.

Академия бастығының құттықтау сөзінен кейін, жарыстығ алқашқы күні Академия басшылығы құрамынан құралған «Арыстан» командасы, қызметкерлерден құралған «Арлан» командасымен волейболдан жарысқа түсті.

Жарысқа сақадай дайын келген Академия басшылық құрама командасы қарсыластарын 2.0 есебімен жеңіп, ойынның келесі кезеңіне өтті.

Жарыс өте тартымды өтіп, жанкүйерлердің делебесін қоздырып, шабыт берді.

Міне бір ай уақытқа созылатын жарыста кім жеңімпаз аталатынын әр күн сайын сайтымызда жазып көрсетіп отыратын боламыз.

Академияның баспасөз хатшысы М. Оспанов