Президент жолдауы

Баршаға мәлім Елбасының жыл сайынғы жолдауы  бұл жылы да жалғасын тапты.  Нұрсұлтан Әбішұлының  Жолдауы бүгін де біздің нақты бағыт – бағдарымызға айналған.

Елбасымыздың мұндай көрегендігі әлем жұртын әлі де таң қалдыруда. Биылғы Жолдауында  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» туралы 10 нақты міндет қойды. Ол туралы толық ақпаратты БАҚ сайттарынан көре аласыздар.

         Осыған орай 18–ші қаңтарда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының акт залында академия  қызметкерлері және 3 – курс курсанттарының қатысуымен полиция капитаны Мырзабек Туйганов Елбасымыздың аталмыш жолдауын баршаға таныстырды. Үлкен экраннан елбасының жолдауын толық көрсетіп, қысқаша нақты 10 міндетті түсіндіріп өтті.

«–Бұл тапсырмаларды орындау бүкіл Қазақстандықтар үшін негізгі міндеттер болып табылады. Ел Көшбасшысының Жолдауда айтқан әр тапсырмасын жұмыла атқаратын болсақ, еліміздің эканомикасы әлемдік державалардың терезесімен теңесуі анық. Иә, расында да Елбасының жолдауы елімізді биіктерге жетелейді. Ал біздің салаға қатысты не айтылғандығын қарастыратын болсақ, мәселен 9 – шы міндетінде «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі» туралы  айтқан. Онда Ел Президенті «Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және адам көп жиналатын орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын  интелектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу керек» деген нақты тапсырмасы тұп – тура  мына бізге қарата айтылған» -деп, қорытындылады Тойғанов мырза сөз соңында.

3 – курс курсанты

Тұрсынбай Думанжан