Деструктивті ағымдардан жастарды қорғайық!

Деструктивті (бұл сөз «бүлдіргіш» деген мағынаны білдіреді) діни ағымдар – азаматтарымыздың құқықтарын бұзатын, оларға психологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, зиянын тигізетін діни ағымдар. Олардың ортақ сипаты – діни ілімінің ақиқаттылық деңгейінен емес, оған мүше адамдардың қоршаған әлеуметтік ортадан оқшаулануы мен жетекшілік еткен азаматтарға көзсіз бағынуынан көрінеді.

Осы мәселенің ең өзекті жағы – жастарды деструктивті діни ағымдардаң қорғау.

Осыған орай Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы ағымды жылдың 11 қаңтарда «Студенттік жастарды зиянды діни ағымдар идеологиясының әсерінен қорғау жөніндегі өткізілетін жұмыс туралы» мәселесі карастырылған отырыс өткізді. Біздің академиямыздан осы мәжіліске әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, педагогика және психология магистрі, полиция капитаны М.С. Туйганов «Идентификациялау (сәйкестік) дағдарысы – қазақстандық жастардың радикализациялау факторы ретінде» атты мақаламен қатысты.

Отырыстың қорынды бойынша бірнеше маңызды шешімдер қабылданды.