Таран ауданының 11 сынып оқушылары Академияда болды

2018 жылғы 17 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясына Қостанай облысы Таран ауданының №1-ші орта мектептің 11 сынып оқушылары Академияның тыныс-тіршілігімен танысуға келді.

Академия қабырғасына келген қонақтар Шырақбек Қабылбаевтың өмірбаянымен және Академия тарихымен етене танысып, мол мәліметке қанық болды.

Енді ғана оң-солын танып жатқан жасөспірімдердің академияға келу мақсаты болашақта өз өмірлерін бақытты сезіну, таңдаған мамандықтарын адаспай тауып, жақсы бір мамандықтың иесі атану екен.

Оқушылар ең алдымен курсанттардың ас ішетін асханасына кіріп, өз көздерімен көріп, күнделікті ас мәзірімен танысты. Одан кейін спортшылардың әртүрлі спортпен шұғылданатын спорт кешеніне және спорт залдарын аралап, онда спортпен жаттығып жатқан  курсанттардың бір күндік өмірін тамашалады.

Спорт кешенінде жауынгерлік және дене дайындығы кафедрасының бастығы полиция подполковнигі Бағдат Утенов келген қонақтарға Академияға қалай түсу керектігін және де спортпен жиі шұғылдану керектігін атап өтті.

— Құрметті оқушылар егер де біздің Академияға жолдарыңыз түсіп, оқуға түсетін болсаңыздар. Мына төмендегі ережелерді есте мұқият сақтағандарыңыз жөн. Егер спорт шебері болып, сол шеберлікті растайтын құжаттарыңыз болса, Сіз міндетті түрде спорт түрлерінен тапсыратын сынақтан босатыласыз. Және де оқуға түсуге көп мүмкіндігіңіз болады.

Ал енді сіздерге ІІМ арнаулы оқу орындарына кандидаттарға арналған дене  шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді айтып кетейін. Жігіттер үшін;

  1. 100 метрге жүгіру (сек.) 13,2 13,7 14,2
  2. 3000 метрге жүгіру (мин/сек.) 12,30 13,0 14,0
  3. Тартылу (тартылу саны) 13 11 9

 Қыздар үшін

  1. 100 метрге жүгіру (сек.) 16,0 16,5 17,0
  2. 1000 метрге жүгіру (мин/сек.) 4,40 5,0 5,2
  3. Кешенді күштік жаттығу 1 минут

ішінде (шалқадан жатып кеудені көтеру, қол басы иыққа қойылады (30

сек.); қолды жатып тіреніп бүгу және жазу (30 сек.) (көтеру саны) 34.

Міне осындай бекітілген нормативтерді тапсырып жақсы өтсеңіздер бәріде жақсы болады, — деді кафедра бастығы Бағдат Каменұлы.

Спорттық түсіндіруден кейін, Академияның мұражайына бас сұғып, академияның тарихымен танысты. Мұражай ішіндегі тарихи жәдігерлерімен танысқан соң акт залда оқуға қабылдау комиссисының түсіндірме жұмыстарына қатысып, Академияға қалай түсу керектігі жөнінде нақты ақпараттар алды.

Жалпы академияның тыныс-тіршілігі, мұндағы сабақ өту тәсілі, спортпен шұғылдану  жаттығулары, келген оқушылардың көңілінен шықты. Өйткені кездесу барысында көптеген оқушылар академияда оқуға қызығушылқтары бар екенін, болашақта құжаттарын жинауға сөз берді.

Міне бір күндік кәсіптік бағдар жұмысы осылай өз жемісін берді.

 Академияның баспасөз хатшысы

М. Оспанов