Курсанттарды дербес бөлу комиссиясының отырысы

2018 жылдың 12 қаңтар күні Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында биылғы жылы оқу бітіретін түлектерді дербес бөлу комиссиясының отырысы өтті.

Комиссия отырысына еліміздің түкпір-түкпірінен келген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қарасты ішкі істер департаментінің және қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің өкілдері, ҚР ІІМ кадр жұмысы бөлімі бастығының орынбасары және Академия басшылығы сонымен қатар 4 курс курсанттары қатысты.

Ресми жиынды Қостанай академияның бастығы полиция генерал-майоры  Мирлан Қызылов ашып, барлық жиынға қатысушыларды күн тәртібімен таныстырды.

Биыл Академияны 296 курсант тәмәмдағалы отыр. Осы 296 курсанттың ішінен 30  курсант үздік диплом иесіне үміткер.

Жиында кейбір курсанттар сұрақтар қойып, шешімін таппай жүрген сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар алды.

Жалпы жылдағы дәстүрмен ұйымдастырылатын дербес бөлу комиссиясының отырысы жақсы деңгейде өтті. Өйткені әр бөлімнің басшылары курсанттардың шешімін таппай жүрген сұрақтарына мардымды шешім шығарып, барлық курсанттың сұрақтарын қанағаттандырды .

Академияның баспасөз қызметі