Жаңа жылдағы жақсы көңіл күй

Ең айтулы, барлық адамдар тағатсыздана күтетін Жаңа жыл мейрамы да келіп жетті. Жаңа жыл мейрамын әр кім,әр қалай қарсы алады. Көбіне адамдар үйінде отбасы ортасында қарсы алса, курсанттар Жаңа жылды қалай қарсы алады деген сұрақ талай адамды ойландырған шығар.

Міне осы сұраққа жауап ретінде біздің Академия 2 курс курсанттарын келтірсек болады. Олар үшін ескі жылда  жетістіктерімен жеңілістері де қатар жүрді сондықтанда жаңа жылға олардың жетістіктерге ғана жетіп, үлгілі курс атанамыз деген  мақсаттары мен талпыныстары ерекше.

2 курс курсанттарына арналған мерекелік дастархан академия асханасында жайылды. Олар кешкі 19.00 – ден бастап дастархан басына жайғасты. Бұл Жаңа жыл кешін 2 курс курсанттарын құттықтау үшін келген Академия бастығы полиция генерал-майоры  М.Қызылов өзінің құттықтау сөзімен бастады. Академия бастығынан мағыналы да, ауқымды құттықтау сөзінен кейін 2 курс курсанттары академия бастығына келер жылы ешқандай тәртіпті бұзбай, үлгілі курс болуға уәде берді.

Әрі қарай кеш курсанттардың концерттік бағдарламасымен жалғасып, концерттік бағдарлама көңіл-күй  сыйлайтын ән-шашулармен, қызықты сәттерге толы болды. Жәнеде концерттік бағдарлама арасында 2 курс бастығы полиция подполковнигі Ә.Тажмұхнов өз курсанттарына құттықтау сөз айтып, оларға Жаңа жылға жаңа күшпен кірісуге, жаңа табыстарға жетуге ұмтылыс берді. Сонымен қатар 2 курс курсанттары өздерінің әкелерінің орнын алмастырған курс бастығына ыстық ықыластарын білдіріп, оған өлең арнап, бейне роликтермен жүректі тебірентер естелік суреттер көрсетті.

Мерекелік дастархан түнгі сағат 22.00 – ге дейін жалғасып, арасында курсанттар билеп, түрлі ойындар ойнап, шырша маңында естелік суреттерге түсті. Асханадан шыққан курсанттарымыз сапталып, академия спорт алаңына барып, отшашу тамашалады.

Осы  Жаңа жыл мерекесі 2 курс курсантарының әр қайсысының өмірбақи есте қалатын қайталанбас Жаңа жылдық отырыстары болды. Жаңа жылды көңілді қарсы алған курсанттар өз жанұяларынан алыс жерде жүргендерінде  ұмытып қастарындағы бір отбасы болып кеткен курстастарымен ыстық ортада Жаңа ит жылын күтіп алды. Осылайша 2 курс курсанттары Жаңа жылды ойдағыдай емес, ойдағыдан жоғары дәрежеде қарсы алды.

                                                        

Баспасөз қызметінің мүшесі

2 курс курсанты Әділдәбеков Досжан