«Дарын» ғылыми үйірменің отырылысы

2018 жылдың 3 қаңтарында ғылыми-зерттеу жұмыс аясында «Дарын» атты ғылыми үйірменің кезекті отырысы өтті.
Ғылыми үйірмені әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, полиция капитаны А.Наурзбаева өткізді. 2017-2018 жыл жоспарына сәйкес курсанттарды өткізілетін аудиториядан тыс іс-шараларымен және жаңа ғылыми, оқу әдебиетімен таныстыру ұйымдастырылды.
Әсіресе, курсанттардың келешекте өтетін  «Ғылыми жастар көзімен»  атты ғылыми-теориялық конференцияға дайындығына аса маңызды көңіл бөлінді.
Жалпы, қойылған мақсаттар іске асырылды, бұл курсанттармен оқытушылардың  ғылыми-зерттеу саласындағы болашаққа бағдар жасауға  мүмкіндік берді.

Әлуеметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы