Тілдер кафедрасының авторлық ұжым отырысы

2018 жылдың 3 қаңтарында тілдер кафедрасы мен мемлекеттік тіл бөлімшесінің «Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру аясында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы курсанттарының тілдік құзыретін жетілдіру» тақырыбы бойынша кезекті авторлық ұжым отырысы өтті.

Маңызды үш сұрақ талқыланды:

  1. 2018 жылы ізденістік зерттеу жоспарын іске асырудың міндеттері мен болашағы туралы.
  2. Қазақ әліпбиінің кезең-кезеңмен латын таңбасына көшуі жөнінде авторлық ұжымның жұмысы туралы.
  3. 2018 жылы жоспарланған ғылыми мақалаларды талқылау.

Бірінші сұрақ бойынша кафедра бастығы, филология ғылымының кандидаты, полиция майоры А. Айсенов сөйледі. Ол отырысқа қатысып отырғандарды жаңа 2018 жылмен құттықтап, ізденістік зерттеу бағдарламасын іске асыру үшін авторлық ұжым мүшелері алдында тұрған маңызды мақсаттар мен міндеттерді таныстырды. А. Айсенов академия курсанттарының тілдік құзыреттерін жетілдіру бойынша жұмыс бағдарламасының негізгі ережелерін ойдағыдай орындау үшін авторлық ұжымның шығармашылық және үйлесімді жұмысының қажет екендігін атап айтты.

Екінші сұрақ бойынша тілдер кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Е. Деріпсалдин қазіргі уақытта Қазақстан тіл мамандары қызметінің ең өзекті бағыттарының бірі қазақ тілінің кириллицадан латын таңбасына біртіндеп көшуін жүзеге асыру болып табылатынын атап өтті. Бұл тұрғыда жұмыс басталып та кетті, желтоқсан айында Ербол Қалибекұлы латын қарпімен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне мақала жазып, жариялаған болатын.

Мемлекеттік тіл бөлімшесінің инспекторлары Р.Б. Айтмагамбетова және Б.Ж. Нурбековалар да бұл жұмыстың маңыздылығын атап, ал                А. Айсенов қатысып отырғандарды 2018 жылдың ақпанында қазақ тілі таңбасының латын таңбасына ауысу жоспарын іске асыру мәселесі бойынша академия қызметкерлері мен бұл мәселеге қызығушылық танытатындардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілетінін еске түсіре кетті.

Ары қарай талқылауға кафедра бастығы, филология ғылымының кандидаты, полиция майоры А. Айсеновтің ғылыми мақаласы ұсынылды. Мақала жалпы Қазақстан Республикасының ЖОО-да үш тұғырлы тіл бағдарламасын іске асыру мәселелерін, аталмыш жұмыстың ведомстволық ЖОО-да, мысалға Қазақстан Республикасы ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясындағы маңызды бағыттарын қамтиды.

Тілдер кафедрасы мен мемлекеттік тіл бөлімшесінің кезекті авторлық ұжым отырысын аяқтай келе А. Айсенов барлық авторлық ұжым мүшелеріне 2018 жылы зор денсаулық, мол табыс және «Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру аясында ҚР ІІМ Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясы курсанттарының тілдік құзыретін жетілдіру» бағдарламасын табысты іске асыруға мүмкіндік беретін шығармашылық құлшыныс тіледі.

Тілдер кафедрасының ҒЗЖ жауапты

полиция полковнигі Г. Ескатова




Заседание авторского коллектива кафедры языков.

3 января 2018 г. было проведено очередное заседание авторского коллектива кафедры языков и отделения государственного языка по теме «Совершенствование языковой компетенции курсантов Костанайской академии МВД РК имени Шракбека Кабылбаева в рамках реализации государственной языковой политики».

Были обсуждены три основных вопроса:

  1. О задачах и перспективах реализации плана поискового исследования в 2018 г.
  2. О работе авторского коллектива по поэтапному переходу казахского алфавита на латинскую графику.
  3. Обсуждение научных статей, запланированных на январь 2018 г.

По первому вопросу выступил начальник кафедры, кандидат филологических наук, майор полиции А. Айсенов. Он поздравил всех присутствующих с Новым 2018 годом и ознакомил с основной целью и задачами, стоящими перед членами авторского коллектива для реализации программы поискового исследования. А. Айсенов подчеркнул, что для успешного выполнения основных положений рабочей программы по совершенствованию языковой компетенции курсантов Академии необходима творческая и слаженная работа авторского коллектива.

По второму вопросу, старший преподаватель кафедры языков, подполковник полиции Е. Дерипсалдин отметил, что в настоящее время одним из самых актуальных направлений деятельности языковедов Казахстана является осуществление постепенного перехода казахского языка с кириллицы на латинскую графику. И работа в этом плане уже начата, так Ербол Калибекович уже написал и опубликовал статью ко дню Независимости Республики Казахстан с использованием латиницы.

Инспекторы отделения государственного языка Айтмагамбетова Р.Б. и Нурбекова Б.Ж. также отметили значимость данной работы, а А.Айсенов напомнил, что в феврале 2018 года будет проведен круглый стол по вопросу реализации плана перехода казахского языка на латинскую графику с участием сотрудников Академии, заинтересованных в этом вопросе.

Далее на обсуждение была представлена научная статья начальника кафедры языков, майора полиции А. Айсенова. Статья освещает вопросы реализации программы трехъязычия как в целом в высших учебных заведениях Республики Казахстан, так и основные направления данной работы в ведомственных вузах на примере Костанайской академии МВД РК имени Шракбека Кабылбаева.

 Завершая очередное заседание авторского коллектива кафедры языков и отделения государственного языка А. Айсенов пожелал всем членам коллектива в новом 2018 году здоровья, удачи и творческого энтузиазма, который будет способствовать успешной реализации программы «Совершенствование языковой компетенции курсантов Костанайской  академии МВД РК имени Шракбека Кабылбаева в рамках реализации государственной языковой политики».

Ответственный за НИР кафедры языков

полковник полиции     Г.Ескатова