Жаңа жыл

Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа және шаттыққа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Барлығы жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеді. Жаңа жыл – бөбектердің де, ересектердің де сүйікті мерекесі. Сағат он екіні соғысымен от шашуларға қарап тұрып ескі жылдың келмеске кеткенің түсінеміз. Бұл мерекені бүкіл әлем тойлайды. Жыл сайын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атыңдағы Қостанай академиясының әр курсы мерекені атап өтеді. Бұл жылы келе жатқан 2018 жылды 31 желтоқсан күні 3 курс курсанттары өздерінің жатақханасында қарсы алды.

 31 желтоқсан күні үлкен дастархан жайылып, курсанттар сағат 11- ге таман дастархан басына отырды. Отырыс ортасында 3 курс бастығы полиция майоры Кусеубаев Азамат Браліұлы өз отбасымен келіп, өзінің жылы лебізін білдіріп, құттықтау сөздерін жолдады. Сонымен қатар оқу жөніңдегі орынбасары Жандауов Бағдат Еркінұлы және де тәрбие жөніңдегі орынбасары Қадыров Қайрат Серікұлы 3 курс жеке құрамын жаңа жылмен құттықтады. Ал сағат 12 соғысымен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың құттықтау сөзін тыңдап жаңа жылды қарсы алды.

Бұл жыл 3 курс курсанттары үшін Академия төнірегіндегі соңғы қарсы алып жатқан жаңа жылдары болғандықтан, курсанттар өздері көңіл көтеріп, ән шырқап керемет көңіл күйде болды.

Академия курсанттарының баспасөз қызметі

полиция қатарыңдағы Советов Б.Е